Бас прокуратурада 2022 жылғы қадағалау қызметінің қорытындысы шығарылды

Бас прокуратурада 2022 жылғы қадағалау қызметінің қорытындысы шығарылды
 
Прокурорлар 14 мың бұзушылықты жойды, 23 мың адам түрлі жауапкершілікке тартылды.

200 мың қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді. 1,5 млрд теңге сомасына жалақы бойынша берешекті өтеу қамтамасыз етілді.
Мемлекетке 72 млрд теңге өтелді және 1,5 млн га пайдаланылмаған жер қайтарылды.
9 мың заңсыз тексеру және 705 млн теңгеге 7 мың әкімшілік жаза тоқтатылды.
Алқа соңында БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы өткізілді.

Қоғамда талқыланатын сұрақтарға жауаптар берілді, соның ішінде резонанстық қылмыстық істерге түсініктеме берілді.