
Отырыста Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясының және «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясының Алматы облыстық филиалдарының партиялық тізімдері тіркеліп, өкілдеріне тиісті куәліктер тапсырылды.
Осы күнге дейін «Аmanat» партиясы, «Қазақстан халық партиясы», «Байтақ» жасылдар партиясы, «Respublika» партиясы Алматы облыстық филиалдарының партиялық тізімдері тіркелген болатын.
Осымен облыстық мәслихат депутаттығына өз партиялық тізімдерін ұсынған 6 партия облыстық филиалдарының партиялық тізімдерін тіркеу аяқталды.