Алматы облысы сайлау комиссиясының кезекті отырысы

Алматы облысы сайлау комиссиясының кезекті отырысы

2023 жылғы 15 ақпанда Алматы облыстық депутаттарының сайлауында саяси партиялардың партиялық тізімдерін тіркеу бойынша Алматы облысы аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» және  «Respublika» партиясы Алматы облыстық филиалдарының  партиялық тізімдері тіркеліп, өкілдеріне тиісті куәліктер тапсырылды.

Осы күнге  дейін  «Аmanat» партиясы  және  «Қазақстан халық партиясы» Алматы облыстық филиалдарының  партиялық тізімдері тіркелген болатын.