
Алматы облысының жастар ресурстық орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.
Гуманитарлық көмек Алматы облысының жастар ресурстық орталығы (Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/5 8 707 802 6202, қабылдау уақыты 09.00-18.00) жиналады.
Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
- Термос, қол шамы, пауэрбанк.
- Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
- Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.
Сондай ақ қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:
Заңды тұлғалар үшін:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521
Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.
Барлық сұрақтар бойынша Алматы облысының жастар ресурстық орталығына хабарласуға болады: +7 707 802 62 02, Қонаев көшесі 7/5.