Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы

Бүгін Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына барып, жол көлік апатынан зардап шеккен балалардың жағдайымен танысты.

Дәрігерлер 9,10, 12 жастағы үш баланың жағдайы ауыр, бір баланың жағдайы орташа ауырлықта деп бағалап отыр.

-Бүгінгі таңда жол көлік оқиғасынан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр. Реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. 13 жасар 1 қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Ол аурухананың травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Балалар басқарма тарапынан бақылауға алынып, оларға барлық қажетті мециналық көмек көрсетілуде. Аурухана қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер қолдан келгенше балаларды аман алып қалуға тырысып жатыр, - деді басқарма басшысы Өмірзақ Ниязбекұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында, республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында ақылы өткелде болған жол апатынан 9-10 жастағы 5 бала зардап шекті. Іле ауданында орын оқиға салдарынан зардап шеккен 4 оқушы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын. 1 оқушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.