Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Болат Аманжолұлы Мұсылманбеков Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Болат Аманжолұлы - 1963 жылы дүниеге келген. 1985 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Сәулетші» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1985 жылы Семей қаласының мемлекеттік жобалау институтында сәулетші болып бастаған.

Әр жылдары «Аякөз ауыл құрылысы» мекемесінің жобалау-сметалық тобы бөлімінің басшысы, Аякөз аудандық атқару комитетінің сәулет бөлімінің топ жетекшісі, Аякөз қаласының сәулет және қала құрылысы бас басқармасының 
1-категориялық сәулетшісі, «Алматыбасжоспар» жобалау институтының 3-ші дәрежелі сәулетшісі, Алматы халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінде бас сәулетші, Алматы облысы жобалау-іздестіру басқармасының көлемді-жоспарлау шеберханасының басшысы қызметтерін атқарған.

2000 жылдың тамыз айынан «КҮМБЕЗ Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры лауазымында.