Талғар ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 11 оқу орны салынады

Талғар ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында  11 оқу орны салынады

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесудің тақырыбы бірқатар проблемалық мәселелер мен оларды одан әрі шешу жолдарын талқылау болды.
Бұрын хабарланғандай, мұндай жағдайлар үшін облыс әкімдігінде туындаған әлеуметтік мәселелерді жедел және тиімді шешуге бағытталған проблемалық мәселелердің арнайы картасы әзірленді.

Мәселен, өңірдегі өзекті мәселелердің бірі - қоғамдық көлік. Облыс әкімі атап өткендей, бүгінгі таңда Алматы қаласының әкімдігі пайдаланылған 300 автобусты тапсыруда. Облыс басшылығы коммуналдық автопарк құру мәселесін пысықтап жатыр . Бұл шара өңірдегі қоғамдық көлік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетейік,«Қазақстан Темір жолы» АҚ – мен ынтымақтастықта «Алматы-Қонаев» пойызы іске қосылды.

Сондай-ақ, жоспарлы түрде көшелерді жарықтандыру, елді мекендерде жол салу мәселелері шешілуде. Қызыл ту кентінің тұрғындары облыс басшылығынан зират үшін орын тапшылығы мен толып кету мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрады. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов хабарлағандай, «Байсерке Агро» ЖШС ауыл әкімдіктерінің пайдасына бірнеше гектар жер берді және мәселе күн тәртібінен алынып тасталды.


Сонымен қатар, кездесуде үш ауысымды мектептер мәселесі көтерілді. Облыс әкімі «жайлы мектеп» бағдарламасы аясында тек Талғар ауданында 11 оқу орны салынатынын айтты.
Кездесуді қорытындылай келе, Марат Сұлтанғазиев жиналғандарды ауылдық округ әкімдерін сайлау мәселесіне аса байыпты қарауға шақырды.

- Қазір ауылдық округтердің әкімдері сайланатыны белгілі. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, Талғар ауданында ауыл әкімдерін сайлауға келушілердің ең төмен көрсеткіші тіркелген. Бұл өте маңызды мәселе, өйткені сіз өзіңізбен тікелей жұмыс істейтін әкімді таңдайсыз. Сондықтан мен сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және әрбір тұрғынға осы процестің маңыздылығы туралы хабарлауға шақырамын, - деді Марат Сұлтанғазиев.