Талғар аудандық орталық ауруханасының көшпелі тобы Кендала және Гүлдала ауылдарында кезекті кездесуін өткізді

Талғар аудандық орталық ауруханасының  көшпелі тобы Кендала және Гүлдала ауылдарында кезекті кездесуін өткізді

Талғар аудандық орталық ауруханасының көшпелі тобы Кеңдала және Гүлдала елді мекендерінің дәрігерлік амбулаторияларына барып, жұмыс барысын түсіндіріп, әрбір қызметкермен ағымдағы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар туындаған мәселелерді шешу жолдарын түсіндірді.
- Талғар аудандық орталық ауруханасы директорының бұйрығымен дәрігерлік амбулаторияларда түсіндіру жұмыстары бойынша топ ұйымдастырылды. Кездесу барысында біз жалақы, жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен оның шешу жолдарын талқыладық, – деді Талғар аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары Эльмира Талғатқызы.
Көшпелі топтың құрамына "A-Class-Medical" бас директоры, директорлар құрамы, директордың орынбасарлары, мейірбике қызметінің басшылары, ОӘБ, БКМУ, МСАК, заңгерлер, дәрігерлер, сарапшылар, эпидемиологтар және аурухананың баспасөз қызметі кірді. Көшпелі топтың барлық мүшелері қызметкерлермен жеке кездесулер өткізді.
- Аурухана басшылығы арнайы келіп, туындаған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізгеніне риза болдық. Амбулаторияға күрделі жөндеу жасалып, таза әрі жарық ғимаратта жұмыс жасауымызға жағдай жасады. Бүгін біз жұмыс барысында туындаған сұрақтарымыздың жауабын алдық, -деді тазалықшы Ақбота Есенгелдіқызы.
- Біз бірінші кезекте жалақы мен сыйлықақы мәселесін көтердік. Бізге көшпелі топтың құрамындағы бухгалтер төлем қалай жасалатынын және қалай есептелетінін түсіндірді. Енді бәрі түсінікті болды. Біздің басшылыққа алғысымды білдіргім келеді. Олар амбулатория үшін көп жұмыс жасады, – деді медбике Гүлнафиз Жұмабайқызы.
Айта кетейік, Талғар аудандық орталық аурухана басшылығы медициналық мекемелер қызметкерлерінің барлық ұсыныстарын назарға алып, қарастыратын мәлімдеді.