
Қонаев қаласында білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған "Ұлағатты ұстаз - ұлт мерейі" атты салтанатты іс-шара өтті.Салтанатты шараға қатысушыларды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады.
Бүгінгі таңда Алматы облысында 20 мыңнан астам педагог білім беру саласында еңбек етуде, олар қазақстандық педагогика дәстүрлері мен инновациялық әзірлемелерді шебер үйлестіре отырып, кәсіби салада жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.