Еңбекшіқазақ ауданы егістік көлемінен облыста екінші орында

Еңбекшіқазақ ауданы егістік көлемінен облыста  екінші орында

Еңбекшіқазақ ауданының ауылшаруашылғы саласында кәсіпорын жұмысының жандануына шикізат тапшылығы себеп . Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Еңбекшіқазақ ауданында өткен халықпен кездесуі барысында мәлім етті.

Еңбекшіқазақ ауданыныдағы егістік көлемі 85,5 мың гектардан асып жығылады. Облыста Жамбыл ауданы егістік көлемінен алдыңғы орда болса, Еңбекшіқазақ екінші орында тұр. Аталған өңірде картоп 6,2 мың га, жүгері 25,2 га, көкөніс 9,5 мың га, майлы дақылдар 11,3 мың га ал жеміс-жидектер 9,8 мың га алқапқа егіледі. Яғни, ауданның облыс көлеміндегі үлесі барлық ауылшаруашылық дақылдар егістігінің бестен бір бөлігін, яғни 20 пайызға жуығын құрайды.

Кездесу барысында Марат Елеусізұлы ауданның алма жинаудан алдына қара салдырмайтынын тілге тиек етті.

«Алма жинауда аудан жетекші орынды алады және сіздер осы позицияны сақтап қалуларыңыз керек, өйткені бұл сіздердің тікелей нарықтық мамандануыңыз»,- деді аймақ басшысы.

Ауданда жемістер мен жидектерді өңдеуді тәулігіне 600 тонна қызанақ және 300 тоннаға дейін басқа да жеміс-көкөніс шикізатын өндіретін «Есік жеміс-жидек консерві зауыты» ЖШС-гі жүзеге асырады. Кәсіпорынның жеке өндірістік базасы бар, онда 800 гектар жерде алма, өрік, қызанақ өсіріледі.

Алайда, шикізат тапшылығына байланысты бұл кәсіпорынның жүктемесі 60%-ға жуық.
Шикізат қорының аздығы кәсіпорын жұмысына кедергі келтірмеуі үшін облыс әкімі өзінің орынбасары Арслан Дандыбаевқа өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыру арқылы жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтамасыз ете отырып, оларды қайта жүктеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Ауыл шаруашылығындағы бір маңызды мәселе – жайылымдық жерлердің жоқтығы.
Облыс әкімінің айтуынша, мониторинг барысында 40 мың гектарға жуық пайдаланылмай жатқан жайылым алқаптары анықталса, оның 9 мың гектары яғни, 22,5 пайызы бүгінгі күні пайдаланыла бастады. Сондай-ақ, 26,2 мың гектар жайылымдық жер өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бірақ пайдаланылмай жатқан жерлер қайтарылғанымен, Бәйтерек, Балтабай, Бәйдібек би, Саймасай, Қазақстан және басқа да бірқатар ауылдық округтерде жайылым тапшылығы мәселесі өзектілігін жоғалтқан емес. Сол себепті, өңір басшысы тағы да Арсалн Дандыбаевқа пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстарын жалғастырып, нысаналы мақсатын негізсіз өзгертуге жол бермеу міндетін жүктеді.