
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы бұйрығымен 2022 жылы 9 қыркүйек Алматы облысының Табиғи монополияларды реттеу департаментнің басшысы болып Барлық Адепханұлы Төреханов тағайындалды.
Барлық Төреханов 1979 жылы Алматы облысында туған, білімі жоғары. 2012 жылы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген, 2013 жылы «Қоғамдық саясат және менеджмент» мамандығы бойынша Дюк университетін (Солтүстік Каролина штаты, АҚШ) бітірген, Заңгерлер қауымдастығының мүшесі болып табылады.
Еңбек жолын 2000 жылы «Ақнұр» ЖШС-ы директорының орынбасары лауазымында болып бастады.
Әр жылдары жеке ұйымдарда және Астана қаласы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2007 жылдан бастап 2012 жылға дейін Түрксіб аудандық Əділет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Содан кейін 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін Алматы облысының Əділет департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Сондай-ақ, үш жыл бойы «Samruk – Kazyna Trust» АҚ-ы Жобаларды басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Алматы облысының Талғар ауданы əкімінің орынбасары қызметінде 2021 жылдан бастап 2022 жылға дейін жұмыс атқарған.
2022 жылғы маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысының ТМРКД басшысының орынбасары қызметін атқарды.