
Еліміздің бас қаласында Алматы облысының ауыл шаруашылық тауардарынан жәрмеңке өткізілді.
Шұрайлы мекеннің табиғи өнімдері Астана төрінде сатылымға түсті.
Елордадағы жәрмеңкеге Алматы облысынан ет, сүт және көкөніс пен жемістер жеткізілді.
Жәрмеңкеде Алматы облысының барлық аудандарынан 40-тан астам ауыл шаруашылық өнімдері Елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды.
«Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді деген соң «Астана арена» алаңына арнайы келдім. Қалалықтар үшін табиғи өнім алтынға тең. Жері құнарғы, шөбі шүйгін мекеннің өнімдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Әсіресе, етін айтсаңызшы. Бақанастың етін бұрын соңды жеп көрген адам ретінде оның тіске жұмсақ, дәмі тіл үйіретінін сеніммен айта аламын. Балығы туралы сөз басқа. Сонымен қатар, ұлттық тағамымыз құрт, ірімшікті де аңсап жүрген едік оныда осы жәрмеңкеде алдым. Баға қол жетімді, қалтаға салмақ салмайды. Жалпы, Астана төріне келіп осындай табиғи өнім әкелгендері үшін алғысым шексіз»,- деді Нұргүл Дәлелхан.
Астана халқы үшін арнайы әкелген өнімдердің ішінде Еңбекшіқазақ
ауданында өсетін алмаға сұраныс артты. Тұрғындардың басым көпшілігі дәл осы жемісті көптеп алып жатты. Соның бірі Дәрігүл Қосжанова.
«Бұл алманың иісінің өзі мұрынды жарады. Сатып алуға барғанда алушылрға дәмін татуға бергенін көрдім. Менде алманың дәмін таттым. Енді оның тәттілігін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бірден көп мөлшерде алдым. Қысқа дәрумен болатын болды»,- дейді Дәрігүл Қосжанова.
Осылайша, астаналықтар қолжетімді бағада картоп, қызанақ, қияр, пияз, сиыр еті, қой еті мен жылқы етін, таңдалған жұмыртқа, ірімшік, ысталған және пісірілген шұжықтар және жемістерді жәрмеңкеден алуға мүмкіндік алды.