Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі тағайындалды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өкімімен Алтай Досымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Аудан басшысын өңір активіне таныстыру барысында Марат Сұлтанғазиев әкімдік алдында тұрған бірқатар мәселелерді атап өтті.
“Менің өкіміммен, ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Еңбекшіқазақ аудандық маслихатының шешімімен Алтай Мәшікұлы Досымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Алтай Мәшікұлы мол тәжірбиелі адам, оның үстіне аудан тіршілігімен етене таныс”,- деген Марат Елеусізұлы аудан әкімдігі назар аударуы тиіс шараларға тоқталды.
“Еңбекшіқазақ ауданы аграрлық салаға ден қойған аумақ. Сондықтан, бірінші кезекте алдағы жиын-терім науқанын дұрыс өткізу қажет. Сонымен бірге, ауданға инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыруды керек. Алматы іргесінде орналасқан өңірдің әлеуеті толық пайданылмай келеді”,- деп атап өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын бес мәселеге ден қойып, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.

Досымбаев Алтай Мәшікұлы

1962 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық селосында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1988 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын - экономист мамандығы бойынша оқып бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы, Шелек ауданы, Қаратұрық совхозында жұмысшы болып бастаған. 1980-1982 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет атқарды. 1982-1983 жылдары Алматы облысы, Шелек ауданы А. Саттаров атындағы совхозында жұмысшы.
1988-1992 жылдары Алматы облысы, Шелек ауданы, «Асы» темекі совхозында экономист, бас экономист, кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевский» асыл тұқымды құс совхозы директорының орынбасары. 1997-1999 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Алексеевка» «Алтын диірмен» ЖШС асыл тұқымды құс фабрикасы директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы. 1999-2002 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық экономика бөлімінің бастығы. 2002-2003 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «НАСС» ЖШС қаржы саласы директоры. 2003-2005 жылдары «Ақжол» ЖШС директорының орынбасары. 2005-2008 жылдары Шелек селолық округінің әкімі. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.