Нариман Манапұлы Ботанов Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды

Нариман Манапұлы Ботанов Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды

Нариман Манапұлы 1973 жылы туған, білімі жоғары. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша,                   2021 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «Стратегиялық менеджмент - Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінде құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдары «Бико» ЖШС маманы, ҚР Білім министрлігінің №1 жөндеу құрылыс басқармасының экономист-инженері, Алматы қаласы бойынша және Мәскеу, Түрксіб, Алматы, Алмалы аудандары бойынша салық инспекцияларының салық инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, бас маманы-бас салық инспекторы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп Комитетінің кірістерді бақылау басқармасының бас маманы, мемлекеттік тексерушісі, бас сарапшысы-бас мемлекеттік тексерушісі, бас консультанты - бас мемлекеттік бақылаушысы, бас консультанты - бас мемлекеттік аудиторы, Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы, ҚР Қаржы министрлігінің басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.
2022 жылдың қаңтар айынан ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымында.