Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге білім мекемелерінің материалдық -техникалық базасы нығайтылды

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге білім мекемелерінің материалдық -техникалық базасы нығайтылды

Алматы облысының орталығы
Қонаев қаласында тұңғыш рет тамыз конференциясы өтті.

Аймақтағы білім саласының өкілдері басын қосқан шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Асқат Аймағамбетов қатысты.

Еліміздің бас ұстазы өңірдегі мұғалімжермен өткен жиында облыс әкімінің салаға қатысты есебін таңдады.

Министр қатысқан бұл кеңесте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев
ағымдағы жылы білім саласының бюджеті 274,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд. теңгеге артып отырғанын ала тартып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,6 млрд. теңге, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,7 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді.

«2022 жылға жергілікті бюджет есебінен жаңа модификациялық кабинеттер сатып алуға 1063,3 млрд. теңге қаражат бөлініп, жыл соңына дейін 102 пән кабинеті сатып алынады»,- деді облыс әкімі Марат Елеусізұлы.