
Облыс әкімінің өкіміммен Айгүл Матанқызы Ахметова Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Айгүл Матанқызы 1966 жылы туған, білімі жоғары, 1994 жылы Әл Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетін Құқықтану» мамандығы бойынша, 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Алматы қаласы Калинин аудандық сотының сот отырысы хатшысы болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы Калинин ауданының халықтық сотының кеңсе бастығы, Алматы облыстық соттар алқасының тағылымдамадан өтушісі, адвокаты, Алматы қаласы Әділет департаментінің бас маманы, Алматы қаласы Түрксіб, Алмалы, Медеу аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтарының директоры, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
2022 жылдың қаңтар айынан Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында.