
Облыс әкімінің өкіміммен Ваисов Асыл Нұралиұлы Алматы облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Асыл Нұралиұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары. 2001 жылы Қазақтың мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2005 жылы Орта Азиялық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қаржы полициясы органдарындарында бастаған.
Әр жылдары «РосКазСекьюрити», «Арлан GROUP Секьюрити» ЖШС директорының орынбасары, директоры, ЖШС директоры, Талғар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Панфилов ауылдық округінің әкімі, лауазымдарын атқарған.
2021 жылдың сәуірінен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымында.