Ознакомились с ходом строительства АЭС

Ознакомились с ходом строительства АЭС

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Лаззат Махатұлы және Алматы облыстық маслихатының депутаттары Ерік Абитов және Әсел Төлепбергенова Қазақстан делегациясымен бірге Түркия Республикасының Мерсин провинциясында «Росатом» атом энергиясы жөнінде Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім негізінде салынып жатқан «Аккую» АЭС құрылысымен танысты.
«Самұрық қазына» акционерлік қоғамының ұйымдастырумен болған іссапарға Азаматтық альянс өкілдері, энергетика саласы мамандарымен қатар, Алматы облыстық маслихатының депутаттары да қатысып, туындаған сұрақтарына жауап алды. Себебі, Алматы облысы атом электр станциясы үшін әлеуетті аймақтың бірі болып табылады.
Елімізде жыл сайын электр энергиясына өнеркәсіптік және азаматтық қажеттілік артып келеді, бұл электр қуатын арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде мұндай мәселедегі шешімдердің бірі атом электр станциясы (АЭС). Бірақ АЭС салуда ең бастысы қауіпсіздік екенін ескере отырып, облыстық маслихат депутаттары қауіпсіздікке байланысты сұрақтарына жауап алды.
«Бүгінгі таңда АЭС салу кезінде жаңа технологиялар қолданылады. Олар кеңес заманында қолданылған технологиялардан айтарлықтай ерекшеленеді және қауіпсіздік пен экологияға үлкен көңіл бөлінеді. Экономиканың дамуына ықпал етіп, онмыңдаған адамды жұмыспен қамтиды. Сондай-ақ, атом энергиясын өндірудің тағы бір артықшылығы – парниктік газдар шығарындыларының болмауы», - дейді, облыстық маслихат депутаттары Әсел Төлепбергенова мен Ерік Абитов.
Айта кетейік, елімізге АЭС салу мәселесі, алдағы уақытта отандық мамандардың зерттеулерінің нәтижесінде шешілетін болады.