Талдықорғанда IT Hub құрылады. Соның аясында IT-мектептер ашылмақ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойған болатын. Сондықтан жаңадан құрылатын технопарк заманауи құрылғылармен жабықталып, онда тиісті мамандар әзірленеді.
Жалпы IT-нарығының ауқымы жыл сайын артып, сала мамандарына сұраныс көбейіп келеді. Алдағы уақытта арнайы мектептер ашу жұмысы жанданбақ. Осылайша кадрлық мәселе біртіндеп шешіледі.
Сондай-ақ, министр Талдықорғандағы Полиция департаментінің жедел басқару орталығы жұмысын оң бағалады. Қауіпсіз қаланы қалыптастыруда бейнебақылау камераларының маңызы зор екенін айтты.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.