QazaqGaz және Алматы облысының әкімдігі серіктестік туралы келісімге келді

QazaqGaz және Алматы облысының әкімдігі серіктестік туралы келісімге келді

«QazaqGaz» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
 
Құжатқа сәйкес, екіжақты жұмыс Алматы облысының елді-мекендерін газдандыру үшін энергетикалық кешенді дамыту бағытында жүзеге асады.
 
«Жаңа облыс орталығы - Қонаев қаласына жаңа жобалар қажет. Біз энергетика, әлеуметтік және басқа да бағыттарда бірлесіп жұмыс атқаруға дайынбыз. Жуық арада Алматы облысының елді-мекендерін газдандыру бойынша энергетикалық кешенді дамыту, табиғи газды моторлық жанар-май ретінде қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды бастаймыз. Елді-мекендерді газдандыру мұнымен тоқтамайды, басқа да облыстарға барып халықтың жай-күйімен танысып, газдандыру жұмыстарын жалғастырамыз», - деді Санжар Жаркешов.
 
Айта кетейік, Үкімет қаулысын орындау мақсатында табиғи газды моторлық май ретінде пайдалану бағытында да серіктестік қарастырылған.