Бағдат Мусин Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі

Бағдат Мусин Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Республикасы Президентінің  «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 29 шілдеде сағат 10.00-де Талдықорған қаласындағы ХҚКО-да (Н.Назарбаев даңғылы, 67б) азаматтарды қабылдайды, сонымен қатар сағат 11.30-да Жетісу облысының халқымен кездеседі. Кездесу Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында өтеді ("Көктем"шағын ауданы, 24 ). Облыс тұрғындары әр ауданда орнатылған бейнеконференция байланысы арқылы қатыса алады.

Жеке қабылдауға жазылу және сауалдар мен ұсыныстар жолдау  8 (7282) 24-71-40 телефоны және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

Ұйымдастыру комитеті