Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімінің өкіміммен Қанат Ақылұлы Нүсіпбаев Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қанат Ақылұлы Нүсіпбаев

1968 жылы туған, білімі жоғары.  

Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «ғалым агроном», Қазақ ұлттық аграрлық университетін «агроэколог» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Кербұлақ аудандық мемлекеттік сортучаскесінің меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдары Қарашоқы өндірістік кооперативінде тұқым агрономы, Алматы облысы әкімі аппаратының маманы, Алматы облысының орман және биоресурстар жөніндегі басқармасының жетекші маманы, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.

2013 жылдың шілде айынан - Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.