Ә.Жақыпбекова Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды

Ә.Жақыпбекова Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімінің өкіміммен Әлия Әлімжанқызы Жақыпбекова Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Әлия Әлімжанқызы Жақыпбекова

1974 жылы туған, білімі жоғары.

Орталық Азия университетін «педагогика және психология», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университетін «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Қапшағай қаласындағы №54179 әскери бөлімінде қойма бастығы болып бастаған.

Әр жылдары Талдықорған қаласындағы №2 орта мектептің психолог маманы, «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалының кеңесшісі, Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың қыркүйек айынан - Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары.

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, бірнеше әннің сөзі мен әуенінің авторы.

 

 

 

 

 

численных песен.