
ТАҒАЙЫНДАУ
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Данияр Дүйсенбіұлы Ахметов
1984 жылы туған, білімі жоғары.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер», Д.А. Қонаев атындағы университетті «қаржы» мамандықтары бойынша, Ұлыбританияның Шеффилд Университетін «Болашақ» бағдарламасының «халықаралық қатынастар магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті сыртқы сауда басқармасының бас маманы, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Астана қаласының өкілдіктерін үйлестіру басқармасының сарапшысы, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті сауда инфрақұрылымын дамыту, Құқықтық қамтамасыз ету басқармаларының бастығы, Сыртқы сауда қызметін реттеу, Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаменттерінде директордың орынбасары, ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы хатшылығының инспекторы, Алматы қаласы әкімінің бас инспектор болды.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап - Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.