"Жасыл желекті отауға жол берілмейді"- Марат Сұлтанғазиев

"Жасыл желекті отауға жол берілмейді"- Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиын барысында өңір халқы толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Ұзын-саны 30-дан астам адам өз сауалдарын аймақ басшысына тікелей жолдады.

Ашық диологқа құрылған сұрақ-жауап барысында аудан тұрғыны Зәуре Мұхамедова Алмалыбақ және Жалпақсай ауылындағы ортақ саябақтың тағдырына алаңдаулы екенін жеткізді.
Оның айтуынша, аталған саябақтың орнына аудандық мәдениет үйінің іргетасы қаланбақ. Мұндай құрылыс жұмыстары өз кезегінде жасыл желектің оталуына алып келмек. Сол себепті аудан халқы 60 жылдық тарихы бар саябақ түбімен жойылады деп қорқуда.

Халықтың бұл пікірін естіген өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев саябақ аумағында құрылыс жұмыстары жүргізілмейтінін айтып, мәдениет үйін басқа орынға салуды тапсырды.

«Жасыл желекті отауға жол берілмейді. Жоспарланған нысан басқа жерге салынатын болады. Бұрынан тұрған саябаққа зиян келтірілмейді,"-деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.