Бүгін облыс әкімінің м.а. Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясы өтті. Күн тәртібінде Алматы облысының мәслихатын Алматы және Жетісу облыстарының мәслихаттарына бөлу мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Президенттің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес Алматы облысының құрамынан Жетісу облысы бөлініп шықты. Соған байланысты Алматы облыстық мәслихаты Алматы және Жетісу облыстарының мәслихаттары болып екіге бөлінді. 45 депутаттық мандат «AMANAT», «Қазақстанның халық партиясы», «Ауыл» парияларының келісімімен және сайлаушылар санын ескере отырып, екіге бөлінді. Соның қорытындысында Алматы облыстық мәслихатында 26 депутат, Жетісу облысының мәслихатында 19 депутат болатын болды.
Сессия жұмысын түйіндеген облыс әкімінің м.а. Л.Тұрлашов бүгінгі жиынды тарихи оқиға деп атап өтті. Қос облыстың депутаттарын құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.