Қанат Бозымбаев референдумда дауыс берді

Қанат Бозымбаев референдумда дауыс берді

Бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесінде болып, референдумда дауыс берді.
Жалпы Алматы облысында 1 392 237 сайлаушы бар. Олар 1053 сайлау учаскесінде дауыс береді. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Референдумға 1074 комиссия тартылған, соның 21-і – аумақтық, 1053-і – учаскелік референдум комиссиялары. Оларда барлығы 7636 комиссия мүшесі бар. Сол сияқты учаскелерде бақылаушылар да жұмыс істеуде.