Айбынды әскер - тыныштықтың кепілі!

Айбынды әскер - тыныштықтың кепілі!

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Қадірлі отандастар, құрметті жетісулықтар!


​Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері құрылып еді. Содан бергі уақытта Отанымыздың шекарасы мен тыныштығын айбынды ұл-қыздарымыз қорғап келеді!
Айбарлы әскер - ашық аспанымыздың, мемлекет іргесінің бекемдігінің кепілі. Қазір біз жас буынға Отан қорғау әр азаматтың қасиетті парызы екенін ұқтырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруымыз керек.
Ұлы Даламыздың әр уыс топырағына жауынгерлік рух сіңгеніне тарих куә. Сол өрлік өшпесін! Мереке құтты болсын!