«Nur Otan» партиясы съезіне облыстан қатысатын делегаттар сайланды

«Nur Otan» партиясы съезіне облыстан қатысатын делегаттар сайланды

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен партия филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда алдағы съезге қатысатын облыс делегаттары сайланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы «Nur Otan» партиясының ХХІІ съезіне белгіленген квотаға сәйкес облыстан 29 делегат қатысуы тиіс. Соған сәйкес Саяси кеңестің 35 мүшесі ұсынылған делегаттардың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Жетісулық делегаттар 1 наурызда өтетін съезге партияның Талдықорған қалалық филиалы ғимаратынан онлайн қосылатын болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.