Әлібек Жақанбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Әлібек Жақанбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бүгін аппарат жиынында облыс әкімі Қанат Бозымбаев орынбасары болып тағайындалған Әлібек Әскербекұлы Жақанбаевты таныстырды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Серік Мелісұлы Тұрдалиев облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне ауысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі өз сөзінде Ә. Жақанбаевтың тәжірибесі мол, шебер ұйымдастырушы, іскер басшы екенін атап өтті. Ол бұған дейін Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарын білікті басқарып, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты.

- Әлібек Әскербекұлы тәжірибелі басшы, бірнеше ауданда әкім болғанында өзін жедел шешім қабылдай алатын талапшыл әрі жауапты азамат ретінде танытты. Жаңа лауазымда халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы өзіне артылған міндеттерді орындауға бар білімі мен күш-жігерін жұмсайды деп сенеміз, - деді Қ.Бозымбаев.  

Бұл лауазымда ол облыстағы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар мен экология салаларына жетекшілік етеді.  

Ә. Жақанбаев еңбек жолын 1981 жылы бастады. Алакөл ауданында орман шаруашылығында жұмыс істеді. Кейін Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарында әкім болды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.           

 

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Тұрдалиев Серік Мелісұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.