
20.01.2022 жылғы дерек бойынша облыста 60 753 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 432, өсім деңгейі – 0,07%.
Соның ішінде Талдықорғанда – 62, Алакөл ауданында – 54, Қарасай ауданында – 53, Жамбыл ауданында – 36, Кербұлақ ауданында – 31, Панфилов ауданында – 27, Іле, Талғар аудандарында – 26-дан Сарқан, Еңбекшіқазақ аудандарында – 22-ден, Қаратал ауданында – 19, Қапшағай қаласында – 13, Текелі қаласында – 12, Балқаш, Ұйғыр аудандарында - 8-ден, Кеген, Ескелді аудандарында – 6, Көксу ауданында – 1 жағдай.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 8970 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 4 адам ауырған: Қарасай ауданында - 3, Талдықорған қаласында – 1 адам.
19.01.2022 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 228 591адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 8103 адам.
Барлығы 891 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 170 адам түсті, 83 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 44,5%. Жансақтау бөлімінде 9 пациент жатыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте облыста 246 адам КВИ-дан жазылды.
COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 914 415 адам алды, соның 2141-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 852 659 адам алды, оның 1350 екпені өткен тәулікте салдырды.