Маңызды ақпарат!!!

Маңызды ақпарат!!!
  • Талдықорған қаласында ірі және шағын сауда орындары мен базарлар, дәріханалар ашық (сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін). Халыққа қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткілікті.

 

  • «Жедел жәрдем» қызметі үздіксіз жұмыс істеп тұр.

 

  • Жанар-жағар май құю бекеттері ашық.

 

  • Екінші деңгейлі банктер іске кірісті. Банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті.

 

  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісті (сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін).

 

  • Мектеп оқушылары 17 қаңтарға дейін демалыста. 17 қаңтардан кейін 600 орынға дейінгі мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Оқушы орны 300-ден жоғары мектептерде оқыту онлайн режимде жүргізіледі.

 

  • Балабақшалар 17 қаңтарға дейін жұмысын уақытша тоқтатты. 17 қаңтардан кейін ата-аналардың өтініші бойынша қызмет көрсетеді.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.