Соңғы тәулікте облыста 11 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте облыста 11 адам коронавирус жұқтырды

21.12.2021 жылғы дерек бойынша облыста 57 650 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 11, өсім деңгейі – 0,02%.

Соның ішінде Алакөл ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында – 2, Іле, Жамбыл, Панфилов, Кеген, Балқаш аудандарында - 1-ден.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 8782 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 9 адам ауырған: Қарасай ауданында – 7, Еңбекшіқазақ ауданында – 2.

12.12.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 186 314 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 2671.

Барлығы 457 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 24 адам түсті, 27 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 29,9%. Жансақтау бөлімінде 12 пациент жатыр, соның 1-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Облыста бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 13 адам жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 904 464 адам алды, соның 2222-сі өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 818 833 адам алды, оның 2462-сі екпені өткен тәулікте салдырды.