Соңғы тәулікте облыста коронавируспен ауырған 12 адам тіркелді

Соңғы тәулікте облыста коронавируспен ауырған 12 адам тіркелді

13.12.2021 жылғы дерек бойынша облыста 57 568 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 12, өсім деңгейі – 0,02%.

Соның ішінде Талғар ауданында – 4,  Алакөл, Қарасай аудандарында – 2-ден, Ескелді, Іле, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарында – 1-ден.

Соңғы тәулікте анықталмаған пневмониямен ауырғандар болған жоқ.  

12.12.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 176 822 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 4404.

Барлығы 558 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 20 адам түсті, 9 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 31,1%. Жансақтау бөлімінде 18 пациент жатыр, соның 2-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Облыста бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 36 адам жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 888 466 адам алды, соның 1378-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 806 551 адам алды, оның 723-і екпені өткен тәулікте салдырды.