
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Twitter» әлеуметтік желісінде аккаунтын ашты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- Құрметті жетісулықтар! «Twitter»-дегі жеке парақшама қош келдіңіздер! Осы жерде жаңалықтармен, өңіріміздегі өзекті мәселелердің шешімімен бөлісіп отырамын. Сіздерді конструктивті диалог құруға шақырамын, - деп жазды Қ.Бозымбаев өз жазылушыларына.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.