Соңғы тәулікте коронавируспен 30 адам ауырған

Соңғы тәулікте коронавируспен 30 адам ауырған

10.12.21 жылғы дерек бойынша облыста КВИ-дің зертханалық расталған 57 515 дерегі тіркелді. Соңғы тәулікте коронавируспен ауырған 30 адам анықталды, өсім деңгейі - 0,05%.

Соның ішінде Талдықорған қаласында - 5, Алакөл, Жамбыл аудандарында - 4-тен, Қапшағай қаласында  - 3, Талғар, Сарқан, Ұйғыр, Панфилов аудандарында - 2-ден, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Кербұлақ, Көксу аудандарында - 1-ден.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 8718 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 15 жағдай тіркелді: Қарасай ауданында - 9, Еңбекшіқазақ ауданында - 2, Талдықорған қаласында - 4.

10.12.21 жылғы жағдай бойынша ПТР тәсілімен 1 172 418 адам зертханалық тексеруден өтті, соның ішінде соңғы үш күнде тексеруден өткендер - 6799.  

593 адам стационарлық ем алуда, бір тәулікте ауруханаларға 48 адам түскен, 46 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 33,1%. Жансақтау бөлімдерінде 18 пациент жатыр, оның 2-еуі ИВЛ аппаратына қосылған. 

Сол сияқты соңғы тәулікте облыс бойынша 48 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. 

Сovid-19 инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін барлығы 880 820 адам. екінші компонентін 802 811 адам алды, соның ішінде бір тәулікте 1-ші компонентін салдырғандар - 3186, екінші компонентін 2027 адам алды.