Облыстың 7 ауданы мен 2 қаласында балабақшамен қамту деңгейі 100 % жетті

 Облыстың 7 ауданы мен 2 қаласында балабақшамен қамту деңгейі 100 % жетті

Алматы облысының 7 ауданы мен 2 қаласында, атап айтқанда, Алакөл, Ақсу, Балқаш, Көксу, Кеген, Сарқан, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай мен Текелі қалаларында мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100 % жетті.

 

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, облыс бойынша 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту деңгейі 98,5 %. Балабақша орындарына неғұрлым көп қажеттілік Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Іле аудандары мен Талдықорған қалаcында байқалады. Бұл ретте облыстың 7 аудан мен 2 қаласында балабақшамен қамту көрсеткіші 100 % жеткенін айта кету керек.

 

Басқа аудан, қалаларда да 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен толық қамту үшін 2019 жылы 7529 орынға арналған 75 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланса, соның 5250 орынға лайықталған 65-і – жекеменшік. Жалпы 2019 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша, Алматы облысында             1169 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, олар 84137 баланы тәрбиелеп отыр. Соның ішінде мемлекеттік меншіктегі – 183, жекеменшік - 597, ал 389 шағын орталықтың 5-еуі – жекеменшік. Бұл - соңғы жылдары мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мен нығайту бағытында қабалданған шаралардың нәтижесі.

 

Атап өтсек, биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен бөлінген 22,3 млн.теңгеге 182 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.