Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 қараша
№ 695
https://www.akorda.kz/kz/kabozymbaev-turaly-24104455
Қанат Алдабергенұлы БОЗЫМБАЕВ
1969 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы – экономист.
Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» ЖШС экономисі болып бастаған.
Әр жылдарда Алматы қаласы әкімінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, аталған жабық акционерлік қоғамның экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрінің орынбасары, «Электр жүйелерін басқару жөніндегі «KEGOC» қазақстандық компаниясы» ААҚ бірінші вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» АҚ басқармасының төрағасы, Жамбыл, Павлодар облыстарының әкімі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды.
2021 жылдың 24 қарашасынан – Алматы облысының әкімі.