Соңғы тәулікте облыста 34 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте облыста 34 адам коронавирус жұқтырды

22.11.2021 жылғы дерек бойынша облыста 57 008 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 34, өсім деңгейі – 0,1%.

Соның ішінде Талдықорғанда – 17, Қаратал ауданында – 4, Алакөл ауданында – 3, Текелі қаласында, Ескелді, Ұйғыр аудандарында – 2-ден, Жамбыл, Талғар, Кербұлақ, Панфилов аудандарында – 1-ден.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 8427 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 5 дерек тірлкеді: Кеген ауданында – 2, Талдықорған қаласында – 3. Олармен 7 адам байланыста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

22.11.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 137 092 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 6086.

Барлығы 890 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 57 адам түсті, 31 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 49,9%. Жансақтау бөлімінде 34 пациент жатыр, соның 3-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Облыста бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 99 адам жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 846 653 адам алды, соның 777-сі өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 771 689 адам алды, оның 611-і екпені өткен тәулікте салдырды.