
16.11.2021 жылғы дерек бойынша облыста 56 694 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 72, өсім деңгейі – 0,1%. Соның ішінде Талдықорғанда – 26, Қапшағай қаласында – 12, Панфилов ауданында – 9, Ұйғыр ауданында – 6, Талғар ауданында – 5, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында – 3-тен, Алакөл, Қарасай, Қаратал аудандарында – 2-ден, Ескелді, Ақсу аудандарында – 1-ден.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 8238 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте 44 дерек тірлкеді: Қарасай ауданында – 26, Еңбекшіқазақ ауданында – 5, Қапшағай қаласында – 9, Талдықорған қаласында – 4.
16.11.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 122 642 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 5263.
Барлығы 942 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 76 адам түсті, 37 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 49,7%. Жансақтау бөлімінде 35 пациент жатыр, соның 3-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.
Облыста бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 119 адам жазылды.
COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 837 380 адам алды, соның 1820-сы өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 761 890 адам алды, оның 2316-і екпені өткен тәулікте салдырды.