Соңғы тәулікте облыста 89 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте облыста 89 адам коронавирус жұқтырды

04.11.2021 жылғы дерек бойынша облыста 55 791 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 89, өсім деңгейі – 0,2%. Соның ішінде Талдықорғанда – 18, Панфилов аудандарында – 15, Текелі қаласында – 8, Алакөлде – 7,  Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ,  Ескелді аудандарында – 6-дан, Жамбыл, Іле аудандарында – 5-тен, Талғар ауданында – 4, Қарасай ауданында – 2, Кеген ауданында – 1.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 8037  жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте Қарасай ауданында 5 дерек анықталды.

04.11.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 096 032 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 7096.

Барлығы 1060 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 98 адам түсті, 129 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 47,2 %. Жансақтау бөлімінде 42 пациент жатыр, соның 4-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Облыста бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 57 адам жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 817 301 адам алды, соның 1938-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 740 609 адам алды, оның 2125-і екпені өткен тәулікте салдырды.