Қазақстан облыстарында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылып жатыр

Қазақстан облыстарында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылып жатыр

2019 жылы Қазақстанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы жұмыс істей бастады. Оның басты мақсаты — ауылдағы адамдардың өмірін жақсарту. Жол құрылысы, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт нысандарын қайта жаңарту және жаңа нысандар салу, жұмыс орындарын құру — осының барлығы аталған бағдарламаны іске асыруды көздейді.

 

Алматы облысы

Алматы облысында 732 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде халық саны 1,5 млн адамды құрайтын даму әлеуеті жоғары 457 (151 тірек, 306 спутниктік) елді мекен бар. 2019-2020 жылдары халық саны 264 мың адам (21 тірек, 4 спутниктік) болатын облыстың 25 елді мекенінде 19,8 млрд теңге сомасына 75 жоба іске асырылды.

Соның нәтижесінде күніне 360 адам қатысатын 2 спорт нысаны салынды, 17 білім беру нысаны, 3 денсаулық сақтау нысаны, 2 мәдениет нысаны жөнделді. Сондай-ақ 23 км сумен жабдықтау және су бұру, 70 км кентішілік электрмен жабдықтау желілері, 138 км кентішілік жолдар жөнделді, 4,4 км жылу желілері салынды және 6 елді мекеннің балалар, ойын алаңдары, саябақтар, скверлер, тротуарлар мен арық желілері абаттандырылды.

Биыл Алматы облысының 40 ауылдық елді мекенінде (24 тірек, 16 спутниктік) 18,4 млрд теңге сомасына 55 жобаны іске асыру жоспарланған (РБ – 16,9 млрд теңге, ЖБ – 1,5 млн теңге). 5 млрд теңгеге білім беру (10 жоба), 824 млн теңгеге спорт (3 объект), 3 млрд теңгеге мәдениет (8 объект), 1,1 млрд теңгеге денсаулық сақтау (3 объект), 6,2 млрд теңгеге ТКШ (20 объект), сондай-ақ 2,7 млрд теңгеге жолдарды жөндеу (19 жоба) сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1500 орындық мектептерге қосымша 3 құрылыс, 5 мәдениет үйі, фельдшерлік-акушерлік пункт салынады. Сонымен қатар 7 мектепте, 2 ауруханада, 4 мәдениет үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 124 шақырым ауылішілік жол, 59 шақырым сумен жабдықтау желілері, 118 шақырым электрмен жабдықтау желілері жөнделеді. 337,5 км газ тарату желісін салу жоспарлануда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 4 жоба аяқталды, 51 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде, 25 қазандағы жағдай бойынша 6,2 млрд теңге немесе жылдық жоспардың 34% игерілді. Бұдан басқа, 2022 жылға 72 ауылдық елді мекенді қамтумен 21,7 млрд теңге сомасына жобалар тізбесі әзірленді.  

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/reviews/halyktyn-tabysyn-arttyru-kommunikaciya-zhurgizu-zholdardy-zhondeu-zhane-salu-kazakstan-oblystarynda-auyl-el-besigi-bagdarlamasy-iske-asyrylyp-zhatyr-2105321