Соңғы тәулікте облыста 137 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте облыста 137  адам коронавирус жұқтырды

25.10.2021 жылғы дерек бойынша облыста 54 759 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 137, өсім деңгейі – 0,3%. Соның ішінде Талдықорғанда – 40, Текелі қаласында – 17, Алакөлде – 16,  Талғар ауданында – 15, Қарасай, Панфилов аудандарында – 11-ден, Қаратал ауданында – 10,  Ұйғыр ауданында - 7, Еңбекшіқазақ ауданында – 3, Көксу, Балқаш, Ескелді аудандарында – 2-ден, Жамбыл ауданында – 1.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 7944  жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте дерек тіркелген жоқ.

25.10.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 071 499 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны –7212.

Барлығы 1100 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 73 адам түсті, 50 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 46,5 %. Жансақтау бөлімінде 42 пациент жатыр, соның 4-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Облыста бір тәулікте COVID-19 инфекциясынан 60 адам жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 798 671 адам алды, соның 1180-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 719 775 адам алды, оның 664-і екпені өткен тәулікте салдырды.