Соңғы тәулікте облыста 135 адам коронавирус жұқтырған

Соңғы тәулікте облыста 135  адам коронавирус жұқтырған

20.10.2021 жылғы дерек бойынша облыста 54 139 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 135, өсім деңгейі – 0,2%. Соның ішінде Талдықорғанда – 44, Еңбекшіқазақ ауданында – 15, Панфилов ауданында – 14, Жамбыл ауданында - 10, Талғар ауданында – 9, Қаратал ауданында – 8,  Балқаш ауданында – 6, Ұйғыр ауданында - 5, Қарасай ауданында, Қапшағай қаласында – 4-тен, Іле, Көксу аудандарында, Текелі қаласында – 3-тен, Ескелді, Кеген, Кербұлақ аудандарында – 2-ден,  Ақсу ауданында – 1.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 7880  жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте Еңбекшіқазақ (4), Қарасай (7), Кеген (1) аудандарында және Талдықорған қаласында (7) жалпы саны 19 адам ауырған.

19.10.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 058 131 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 6508.

Барлығы 1104 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 122 адам түсті. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 46,6 %. Жансақтау бөлімінде 43 пациент жатыр, соның 4-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 789 394 адам алды, соның 1 908-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 710 719 адам алды, оның 2333-і екпені өткен тәулікте салдырды.