Соңғы тәулікте облыста коронавируспен ауырғандар саны 189-ға жетті

Соңғы тәулікте облыста коронавируспен ауырғандар саны 189-ға жетті

15.10.2021 жылғы дерек бойынша облыста 53 466 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 189, өсім деңгейі – 0,4%. Соның ішінде Талдықорғанда – 45, Талғар ауданында – 24, Еңбекшіқазақ ауданында – 17, Панфилов ауданында – 13, Іле ауданында – 12, Алакөл ауданында – 11, Қаратал ауданында – 10,  Кербұлақ ауданында,  Текелі қаласында – 9-дан,   Қарасай ауданында – 8, Ұйғыр, Көксу аудандарында – 6-дан, Жамбыл ауданында, Қапшағай қаласында – 5-тен,  Ескелді ауданында – 4, Балқаш ауданында – 3, Райымбек, Сарқан аудандарында – 1-ден.  

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 7818 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар болған жоқ.

15.10.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 046 027 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9703.

Барлығы 1123 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 121 адам түсті, 141 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 47,5 %. Жансақтау бөлімінде 44 пациент жатыр, соның 4-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте барлығы 133 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 780 667 адам алды, соның 2193-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 700 202 адам алды, оның 2670-і екпені өткен тәулікте салдырды.