
11.10.2021 жылғы дерек бойынша облыста 52 886 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 120, өсім деңгейі – 0,2%. Соның ішінде Талдықорғанда – 25, Панфилов ауданында – 19, Қаратал ауданында – 13, Алакөл, Еңбекшіқазақ Жамбыл аудандарында – 9-дан, Талғар ауданында – 8, Ұйғыр, Ескелді, Кербұлақ аудандарында – 5-тен, Іле ауданында – 4, Текелі қаласында – 3, Қарасай, Кеген аудандарында – 2-ден, Көксу, Балқаш аудандарында – 1-ден.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 7737 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар болған жоқ.
11.10.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 034 842 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны –7661.
Ауруханаларға бір тәулікте 76 адам түсті, 57 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 52,9 %. Жансақтау бөлімінде 48 пациент жатыр, соның 4-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте барлығы 145 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.
COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 772 041 адам алды, соның 1194-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 688 523 адам алды, оның 1071-і екпені өткен тәулікте салдырды.