
Соның ішінде Талдықорған қаласында 48 жағдай, Еңбекшіқазақ ауданында – 26, Панфилов ауданында – 21, Алакөл ауданында – 18, Іле ауданында – 17, Талғар ауданында – 11, Көксу және Сарқан аудандарында 10 жағдайдан, Ұйғыр ауданында – 8, Жамбыл ауданы мен Текелі қаласында 7 жағдайдан, Қарасай ауданында – 6, Ескелді ауданында – 4, Райымбек ауданында – 2, Ақсу және Балқаш аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
Сондай-ақ 367 адам емделіп шықты. Өңір "САРЫ" аймақта.
07.10.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 1245 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 121 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 2365. Төсек-орын жүктемесі – 52,3 %.
Соңғы 3 күнде 8402 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Өткен тәулікте науқастармен қарым-қатынаста болған 28 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 760 023. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1168. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 668 522. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1444.