
05.10.2021 жылғы дерек бойынша облыста 51 913 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 169, өсім деңгейі – 0,3%. Соның ішінде Талдықорғанда – 37, Еңбекшіқазақ ауданында – 29, Талғар ауданында – 19, Қаратал ауданында – 14, Панфилов ауданында – 11, Текелі қаласында – 9, Алакөл, Кербұлақ аудандарында – 8-ден, Қарасай ауданында – 6, Іле, Ескелді, Көксу аудандарында – 5-тен, Ұйғыр ауданында – 4, Кеген ауданында, Қапшағай қаласында – 3-тен, Сарқан ауданында – 2, Жамбыл ауданында – 1.
01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 7654 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 21. Соның ішінде Қарасай ауданында – 18, Еңбекшіқазақ ауданында – 2, Ақсу ауданында – 1 адам. Олармен 6 адам қарым-қатынаста болған, барлығы да үй карантинінде, медициналық мамандардың бақылауында.
05.10.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 1 017 774 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 6798.
Жалпы саны 1337 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 71 адам түскен, 127 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 47 %. Жансақтау бөлімінде 50 пациент жатыр, соның 4-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте барлығы 162 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.
COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 762 083 адам алды, соның 2051 өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 672 495 адам алды, оның 3901-і екпені өткен тәулікте салдырды.