Соңғы тәулікте облыста 181 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте облыста 181 адам коронавирус жұқтырды

 

29.09.2021 жылғы дерек бойынша облыста 50 562 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеру арқылы расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 181, өсім деңгейі – 0,4%. Соның ішінде Талдықорғанда – 42, Талғар ауданында – 28, Еңбекшіқазақ ауданында – 22, Іле ауданында – 17, Алакөл ауданында – 14, Панфилов ауданында – 10, Көксу ауданында – 9, Ұйғыр ауданында – 8, Жамбыл ауданында – 7, Қаратал ауданында – 6, Балқаш ауданында – 5, Ескелді ауданында – 4, Қарасай ауданы мен Текелі қаласында – 3-тен, Кербұлақ ауданында – 2, Қапшағай қаласында - 1.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 7561 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте Еңбекшіқазақ ауданында – 7,  Қарасай ауданында – 6, жалпы саны 13 сырқат анықталды. Олармен 6 адам қарым-қатынаста болған, барлығы да үй карантинінде, медициналық мамандардың бақылауында.

29.09.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 994 931 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 7776.

Жалпы саны 1506 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 111 адам түскен, 230 адам шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 43,6 %. Жансақтау бөлімінде 57 пациент жатыр, соның 5-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте барлығы 181 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 751 618 адам алды, соның 1959 өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 651 406 адам алды, оның 4805-і екпені өткен тәулікте салдырды.