Соңғы тәулікте өңірде 162 адам коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте өңірде 162 адам коронавирус жұқтырды

27.09.2021 жылғы дерек бойынша облыста 50 402 адамның коронавируспен ауырғаны зертханалық тексеруде расталған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 162, өсім деңгейі – 0,3%. Соның ішінде Талдықорған қаласында – 58, Қаратал ауданында – 16, Еңбекшіқазақ ауданында – 14, Ұйғыр ауданында – 10, Алакөл ауданында – 8, Талғар, Іле,  Кербұлақ аудандарында, Текелі қаласында – 7-ден,  Ескелді ауданында – 6, Жамбыл, Панфилов Қарасай аудандарында – 5-тен, Көксу ауданында – 3, Сарқан, Балқаш аудандарында – 2-ден.

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 7513 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте Еңбекшіқазақ ауданынан 3 сырқат анықталды. Олармен 3 адам қарым-қатынаста болған, барлығы да үй карантинінде, медициналық мамандардың бақылауында.

27.09.2021 жылғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 994 201 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 9341.

Жалпы саны 1657 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаларға бір тәулікте 103 адам түскен, 101 адам шығарылған. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 48 %. Жансақтау бөлімінде 58 пациент жатыр, соның 5-еуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте барлығы 507 адам коронавирус инфекциясынан жазылды.

COVID-19 қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 747 414 адам алды, соның 1255-і өткен тәулікте егілді. 2-ші компонентін 642 965 адам алды, оның 1030-ы екпені өткен тәулікте салдырды.